Үш үйдің шатырында өртті сөндіру барысында екі адам құтқарылып, газ баллоны эвакуацияланды

Үш үйдің шатырында өртті сөндіру барысында екі адам құтқарылып, газ баллоны эвакуацияланды

12 шілдеде 17сағат:05минутта Алматы қ. ТЖД күштер және құралдар жоғары нөмірі бойынша жедел: Медеу ауданы, ул. Латифа Хамиди мекен-жайына жіберілді. Жеті минутта келген сәтте үш үйдің шатыры ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары адамдардың бар-жоғына барлау жүргізіп, 101 диспетчерлер өрт сөндірушілерге жақын маңдағы сумен жабдықтау көздері бойынша жедел бағыт беріп, өрт автоцистерналар гидранттарға орнатылды, сондай ақ судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.
Нысандар электр қуаттан ажыратылып, ПД оқиға орнын қоршауды ұйымдастырды.
Өрттің тез таралуына үйлердің тез жанатын материалдардан жасалғанына қарамастан, қабылданған жедел шаралармен өрт 17-34 оқшауланып, 280 шаршы метр аумақта 17:48-де жойылды. Абырой болғанда зардап шеккен адамдар жоқ. Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары 33 адам және 9 бірлік техника жұмылдырылды Өрттің себебі нақтылануда.
Қабылданған шаралармен өрттің көрші ғимараттарға таралуына жол берілмеді. Құрметті алматылықтар, төтенше өрт қаупі туралы дауылды ескерту сақталуда.
Жеке тұрғын үй өрттің алдын алу үшін-электр сымдарын қауіпсіз күйге келтіріңіз, олардың жарамдылығын қадағалаңыз, электр желілерінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеңіз!