Тұрғын үйлерде өрт шығу және адамдардың қаза болу қаупін азайту мақсатында Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті профилактикалық жұмыстың әртүрлі формаларын пайдаланады: аулаларды аралау, халықпен жиындар, әңгімелер, жадынамалар тарату және т. б.
Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыс барысында, әлі де ең көп өрт саны тұрғын үй секторына түседі (2023 жылдың басынан бастап қала аумағында 103 өрт тіркелді, оның 40-ы тұрғын үйлерде).
Осы жағдайды тұрақтандыру және профилактикалық жұмыспен жан-жақты қамту үшін, сондай-ақ тұрғындардың өрт қауіпсіздігі туралы мәдениет деңгейін және түсініктерін арттыру мақсатында Алматы қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы «Glovo», «Wolt» және «Яндекс тағам» сияқты курьерлік ұйымдармен бірлесе отырып профилактикалық шаралар ұйымдастырылды.
Курьерлік қызметтердің үйге азық-түлік жеткізу қызметі танымал бола түсуіне байланысты, курьерлер белгілі бір өнімді жеткізумен қатар «өрт қауіпсіздігі шаралары туралы» тақырыбындағы үгіт-насихат материалдарын жеткізіп отырады.
Бұл өз кезегінде, үйлерінен сирек шығатын және профилактикалық жұмыстарға ұшырамайтын, тиісінше өрт қауіпсіздігі шаралары туралы хабарсыз қалатын тұрғындар санатын қамтуға көмектеседі.
Курьерлердің үгіт-насихат материалдар таратуымен бұл күнде 500-ден астам тапсырыс жасалды. Бұл бағыттағы жұмыс тұрғын үй секторындағы жылыту кезеңі аяқталғанға дейін жалғасады.
Қала тұрғындарына өрт қауіпсіздігінің қарапайым шараларын еске салғымыз келеді:
- Балаларға сіріңкені тапсырмаңыз, оларға отпен ойнаудың қауіптілігін түсіндіріңіз, балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз;
- Электр жылыту құралдарын қараусыз қалдырмаңыз, үйлден (пәтерден) шығу алдында электр және жарықтандыру құрылғыларын өшіруді ұмытпаңыз;
- Төсекте жатып темекі шегуге жол бермеңіз, сөндірілмеген күйінде темекіні қалдырмаңыз;
- Жанғыш жанғыш материалдар мен сұйықтықтарды, жанғыш газы бар баллондарды қылтималар мен лоджияларда сақтауға жол бермеңіз.