ТЖ Департаменті Алматы қаласының жоғары оқу орындарымен дөңгелек үстел өткізді.

ТЖ Департаменті Алматы қаласының жоғары оқу орындарымен дөңгелек үстел өткізді.

         2022 жылғы 7 қазанда жасалған ынтымақтастық туралы меморандумдар шеңберінде ZOOM бейнеконференцбайланысы арқылы Алматы қаласының ТЖ Департаментімен Әл-Фараби атныдағы Қазақ ұлттық университетінің, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің, Алматы энергетика және байланыс университетінің, Қазақ спорт және туризм академиясының, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің, сондай-ақ Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университетінің өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді.

        Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға, сондай-ақ халықты ТЖ кезіндегі іс-қимылдарға оқытуға бірлескен әзірленген ғылыми жобаларды талқылау болды.

        Айта кету керек, биылғы жылы ЖОО-мен бірлесіп бекітілген бекіту жоспарына сәйкес бітіру курстарының 9 студенті дипломдық жобалар әзірлеп, мемлекеттік қорғаудан атап өткен.

        Сонымен қатар, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті бірлесіп қауіпсіздік бойынша оқыту жадынамаларымен және SOS батырмасымен жабдықталған SafeSwim мобильді қосымшасын әзірледі, тап болған жағдайда өзінің орналасқан жерін ТЖД жедел кезекшісіне жіберуге мүмкіндік береді.

        Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша азаматтық қорғау саласындағы ғылымды жетілдіруге бағытталған одан әрі басым міндеттер айқындалды.