«Өрт қауіпсіздігі айлығы» шеңберінде «Көмек қолы» акциясы өткізілді

«Өрт қауіпсіздігі айлығы» шеңберінде «Көмек қолы» акциясы өткізілді

Әуезов ауданының ТЖ басқармасы Әуезов ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен бірлесіп «Өрт қауіпсіздігі айлығы» шеңберінде «Көмек қолы» акциясын өткізді,  «Алматы TV» республикалық телеарнасының сүйемелдеуімен Әуезов ауданының аумағында тұратын әлеуметтік осал отбасыларда түтін мұржасын тазалау, көміртегі тотығы датчигін орнату жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ тұрғындарға жадынамалар мен брошюралар тарата отырып, қатты отынмен пештерді пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігінің негізгі қағидалары түсіндірілді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.