Алматы қаласында химиялық апатты жою бойынша көрсетілім оқу жаттығуы өткізілді

Алматы қаласында химиялық апатты жою бойынша көрсетілім оқу жаттығуы өткізілді

        Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығын іске асыру, ТЖМ және Ұлттық Ұлан әскери қызметшілерінің кәсібилігін жетілдіру, Алматы қаласының азаматтық қорғау қызметтерін даярлау мақсатында, 2022 жылғы 7 қазанда «Carlsberg Kazakhstan» ЖШС базасында «Алматы қаласының азаматтық қорғау күштерінің күшті улы заттардың шығарылуымен төтенше жағдайларға ден қою тәртібі» тақырыбында тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді.

        ТЖМ орталық аппаратының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ТЖ Департаменттерінің, сондай-ақ Ұлттық Ұланның офицерлері үшін тактикалық-арнайы
оқу-жаттығу шеңберінде Алматы қаласының құтқару қызметтерінің аммиактың төгілуіне байланысты төтенше жағдайды жою жөніндегі іс-қимылдары айқын көрсетілді.

        Оқу-жаттығу барысында химиялық барлау жүргізу, аммиактың зиянды әсерін бейтараптандыру үшін су пердесін жасау, объектіні, қоршаған ортаны, сондай-ақ азаматтық халықты газсыздандыру, санитарлық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, зардап шеккендерді жұқтыру аймақтарынан эвакуациялау элементтері іс жүзінде және уақытша орналастыру пысықталды.

        Оқу-жаттығуға Алматы қаласының азаматтық қорғау қызметтерінің жеке құрамынан 54 адам мен 16 техникасы жұмылдырылды.