Департмент қызметкерлерімен «Жатақхана» профилактикалық іс-шарасы өткізілді

Департмент қызметкерлерімен «Жатақхана» профилактикалық іс-шарасы өткізілді

Департмент қызметкерлерімен жатақханаларға қайта жабдықтандырылған тұрғын үйлерде, коттедждерде, өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша пәрменді шаралар қабылдау мақсатында тұрғын үй секторында түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру шеңберінде 2022 жылғы 15-30 қыркүйек аралығында «Жатақхана» профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Аумақтық полиция бөлімшелерімен бірлесіп 5500-ден астам адамды қамти отырып, аралау жүргізді. Аралау барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының 200-ге жуық бұзылуы анықталды, олар бойынша иелеріне оларды жою жөнінде ауызша ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ, жатақхана тұрғындарымен тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша профилактикалық әңгімелер мен жиналыстар өткізілді. Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы 7000 данадан астам жадынамалар мен буклеттер таратылды.