Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде «азаматтық қорғау қалыптастыру командирлері (отрядтардың, командалардың, буындардың және бекеттердің)» оқытылды

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде «азаматтық қорғау қалыптастыру командирлері (отрядтардың, командалардың, буындардың және бекеттердің)» оқытылды

Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары бекіткен 2022 оқу жылына арналған Алматы қаласы ТЖ Департаментінде АҚ саласында даярлаудан және қайта даярлаудан өту үшін тыңдаушылар тобының санаттарын жинақтаужоспарына сәйкес 2022 жылғы 3-6 қазан аралығында департамент базасында азаматтық қорғау қалыптастыру командирлерімен (отрядтардың, командалардың, буындардың және бекеттердің),  саны 39 адам 20 сағаттық сабақ өткізілді.  

Аталған курстың мақсаты тыңдаушыларға табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, ведомствалық бағынысты аумақтарда азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу бойынша кәсіби дағдыларды дарыту, тыңдаушыларды халықтың тіршілік қауіпсіздігі негіздеріне оқыту болып табылады.

Бір апталық курстың қорытындысы бойынша тыңдаушылар қорытынды тестілеуден өтті, онда барлықтары жоғары білім деңгейін көрсетті және оқудан өткен туралы тиісті сертификаттар алды.

Айта кетейік, департамент базасында ағымдағы жылдың 9 айында 37 оқу тобы саны 1200-ден астам тыңдаушылар АҚ саласында даярлаудан және қайта даярлаудан өтті.