Департамент қызметкерлеріне тұрақты негізде кәсіби қызметтік даярлық бойынша сабақтар өткізіледі

Департамент қызметкерлеріне тұрақты негізде кәсіби қызметтік даярлық бойынша сабақтар өткізіледі

Азаматтық қорғау органдарының қызметін регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу деңгейін жетілдіру мақсатында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде кәсіби қызметтік даярлық бойынша сабақтар өткізіледі.

Мұндай іс-шаралардың мақсаты - қызметтік тәртіпті бұзудың алдын алу, қызметкерлердің кәсіби шеберлігі мен іскерлік қасиеттерін жетілдіру.

Одан әрі саптық тексеру жүргізіліп, тексеріс барысында азаматтық қорғау қызметкерлерінің киім нысандары, өздерімен бірге жетондарының болуы және қызметтік куәліктерінің атаққа және лауазымға сәйкестігі тексерілді.

Сонымен қатар, саптық дайындық бойынша сабақ өткізіліп, саптық қадам басу және «сәлемдесу» секілді дағдылар жан-жақты пысықталды.