Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушы-композитор Абай Құнанбаевтың туғанына 177 жыл толды. Осы орайда, Департамент қызметкерлерімен Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде баға­ланды.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 30 мамырында Абайдың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. 2020 жылдың 21 қаңтарында елордадағы «Астана Опера» опера және балет театрында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылуына арналған салтанатты шарасы өткен болатын. Сол уақыттан бері «Абай күні» мерекесі республикалық деңгейде тойланып келеді.