Бугін, 10 тамыз - Абай күніне орай «Абай дана, Абай дара қазақта» атты Абай өлеңдерін оқудан қызметкерлері арасында байқау өтті.

Бугін, 10 тамыз - Абай күніне орай «Абай дана, Абай дара қазақта» атты Абай өлеңдерін оқудан қызметкерлері арасында байқау өтті.

Байқауға ҚР ТЖМ бағынысты мекемелері мен Алматы қаласы ТЖД, барлығы 25 қызметкері қатысты. Байқау барысында қатысушылар өздерін таныстырып, Абай өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Өткізілген шараның мақсаты – Абайдың тау сілеміндей мол мұрасын жаңғырта отырып, өлмес ғибратының өміршеңдігі мен қызметкерлер арасында патриоттық рухты насихаттау.
Байқау қорытындысы бойынша өз өнерімен көзге түскен қызметкерлер жүлделі орындарға ие болды:
Бас жүлде - Қанатбек Темірлан Жомартұлы (№ 4 МӨСБ жүргізуші-қызметкері);
1 орын – Айсалық Абылай Алтайұлы (Мамандандырылған жасақ қызметкері);
2 орын – Бибатыров Әділет Жылбекұлы (Азаматтық қорғаныс академиясының Алматы қаласы бойынша оқу орталығының тыңдаушысы);
3 орын – Сәрсенбі Мағжан Аманжолұлы (№ 8 ӨСБ жүргізуші қызметкері).
Барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлығы ретінде "Абайдың қара сөздері" кітабын сыйға тартты. Жеңімпаздарға Алматы қ. ТЖД бастығының атынан құрмет грамоталары және бағалы сыйлықтар табысталды.