Департаменті қызметкерлері ашық аспан астындағы «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық кешеніне экскурция жасады

Департаменті қызметкерлері ашық аспан астындағы «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық кешеніне экскурция жасады

Алматы қаласының ТЖД идеологиялық жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстан тыс уақытында өрт сөндіруші қызметкерлермен Алматы қаласының мәдени-тарихи және киелі жерлерімен танысу мақсатында ашық аспан астындағы «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық кешеніне экскурсия ұйымдастырылды.

Қызметкерлер экскурция барысында Алматы қаласының солтүстік-батыс аймағында, Үлкен Алматы өзенінің сол жағалауында орналасқан, ұзақ жылдар бойы беймәлім болып келген, 2006 жылы 3D картаны модельдеу үшін аэротүсірілім кезінде ашылған ерте темір дәуірінің 47 үлкен сақ және 200-ден астам үйсін қорғандарынан тұратын бірегей ескерткішпен танысу мүмкіндігіне ие болды.

«Шамамен біздің заманымызға дейінгі Х ғасырдан бастап бұл жерде ірі көшпелі тайпалар - сақтар пайда болған, кейіннен бұларды үйсіндер алмастырды. Боралдай аймағында ежелгі сақтардың қорымдары мен бұрынғы тұрғын жайлары жиі кездеседі. Олардың ең үлкенінің биіктігі 14 метр, ал диаметрі 100 метрден асатын бұл қорғандарды археологтар «Патшалар әулетінің жерлеу кешені» деп атаған, ескерткіш осы күнге дейін өзінің мәдени және табиғи ландшафтын сақтаған», - деп Алматы қаласы Музейлер бірлестігінің ғылыми хатшысы Махамбетәли Толғанай экскурцияны қызықты тарихи ақпараттармен толықтырды.  

Қызметкерлер уақытты анықтау үшін қолданылған күн сағатты және қайта құрылған тоқыма станогын тамашалады.