"Қотырбұлақ" өзенінің бассейнінде қар көшкіннің өздігінен түсуі орын алды

"Қотырбұлақ" өзенінің бассейнінде қар көшкіннің өздігінен түсуі орын алды

25 наурызда сағат 10:43-те "Қотырбұлақ" өзенінің бассейнінде жауын-шашынның түсуіне байланысты № 15 көшкін жинағында өздігінен қар көшкіннің түсуі орын алды. Түскен масса "Пионер" тау шаңғысы отбасылық курортының арқанды жолына дейін жетті. "Қазселденқорғау" ММ Алматы қаласы бойынша ұсынысы бойынша кешенде орнатылған арқанды жолының жұмысы 15.03.2022 ж.бастап тоқтатылды,қонақ үйде келушілер жоқ. Алдын ала ақпарат бойынша ала құрбандар болғандар, зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Көшкіннің көлемін нақтылау үшін Қазселденқорғау қызметкерлері оқиға орнына жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, "Қазгидромет" РМК 2022 жылғы 24 наурыздағы №8 дауылды ескертуіне сәйкес : үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар жамылғысының жоғары биіктігі мен тұрақсыз жағдайына байланысты 25-28 наурыз аралығында қар көшкінінің жүру қаупі сақталады.
Тауға барудан бас тартуыңызды сұраймыз!