«ҚР ТЖМ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, азаматтық қорғау органдарының төмендегі бос лауазымдарына іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды.

«ҚР ТЖМ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, азаматтық қорғау органдарының төмендегі бос лауазымдарына іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды.

ҚР ТЖМ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, индекс 050040, Алматы қаласы, Қонаев көшесі 132, e-mail: ok_spasr_alm@emer.kz;okr.almaty@mail.ruтел: 261-28-92, азаматтық қорғау органдарының төмендегі бос лауазымдарына іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды.

Психологиялық қызмет тобының бас маман-психолог, C-SGU-11 санаты, 1 бірлік.

Жалақысы: жұмыс өтіліне қарай 152 903теңгеден 193 606теңгеге дейін.

Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: төтенше жағдайлар аймағында авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне шұғыл психологиялық көмек көрсету және оны аяқтағаннан кейін оңалту бойынша  іс-шараларды өткізу; төтенше жағдайлар кезінде телефондағы «Жедел желі» жұмысын ұйымдастыру;зардап шеккендерді, сондай-ақ төтенше жағдайда қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстарын, жақындарын ақпараттық-психологиялық сүйемелдеу, оның ішіндемедициналық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдарына жүгіну мүмкіндігі туралы анықтамалық ақпарат беру; төтенше жағдайларда шұғыл психологиялық көмек көрсету бойынша іс-қимылдарды пысықтау бойынша машықтану сабақтарын, командалық-штабтық және арнайы-тактикалық жаттығуларды жоспарлауға және өткіз уге қатысу; жеке құрамның кәсіби қызметіне психологиялық сүйемелдеуді жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру; қызметкерлердің, қызметке үміткерлердің жеке, интеллектуалдық мінездемелерін зерделеу және кәсіби міндеттерін орындау мақсатында  психодиагностикалық зерттеулерді жүргізу; жоғары тұрған лауазымға кадрлық резервті қалыптастыру үшін психодиагностикалық зерттеу жүргізу, ұсыныстар дайындау; жеке құрамды кәсіби психологиялық даярлау; тереңдетілген психологиялық-педагогикалық назар аударуды талап ететін жеке құраммен жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру («байқау тобы»); жеке құраммен психологиялық консультация өткізу; қызметкерлер арасында аутоагрессивті мінез-құлық нысандарының (суицидтердің) профилактикасы бойынша психологиялық жұмысты ұйымдастыру; тәртіп бұзушылықтың профилактикасы мен алдын алудың ұйымдастырушылық және әлеуметтік-психологиялық әдістерін жеке құраммен жұмысында қолдану бойынша басшыларға ұсынымдарды әзірлеу; қызметтік ұжымдарын біріктіру бойынша, кәсіби міндеттерді орындауға жұмылдыру үшінұжымдармен және басшы құраммен әлеуметтік психологиялық тренингтерді, тембилдингтерді ұйымдастыру және өткізу; топтың құзыреті шегінде қызметтік тергеу жүргізуге қатысу; өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Талаптар: Жасы - 18 ден 35 жасқа дейін, жоғары білім (педагогика және психология, психология).

Аға байланыс шебері, C-SV-12 санаты, 1 бірлік

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 115 862 теңгеден162 264 теңгеге дейін. 

Негізгі лауазымдық нұсқаулығы: Радиобайланыс және өткізгіш құралдарының үздіксізжұмысынжәнедұрыс техникалық пайдаланудықамтамасыз ету, байланыс құралдарының жұмысқа дайындау, жөндеу жүргізуге және оларды жұмыс күйінде ұстауға. Барлықбайланыс түрлерінде жұмыс істей білу, олардың жұмыс принципін білу.

Талаптар:жасы - 18 ден 35 жасқа дейін, толық орта білім бар, еңбек өтілі талап етілмейді.

Радиотелефонист- 4 бірлік, C-SV-13 санаты.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 105 244 теңгеден 147 398 теңгеге дейін.

Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: байланыстың барлық түрлерін жүргізудің жалпы қағидаларын білу, Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, санитариялық — гигиеналық нормаларды, сондай-ақ ішкі еңбек тәртібін орындау; тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен байланыс және қажет болған жағдайда оларды белгіленген тәртіпке сәйкес өрт, басқа ТЖ ауданына жіберу

Талаптар:жасы - 18 ден 35 жасқа дейін, толық орта білім міндетті.

Өрт сөндіру автокөлігінің жүргізуші-қызметкері, C-SV-13 санаты, 20 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 105 244 теңгеден 147 398теңгеге дейін.

Негізгі лауазымдық нұсқаулығы: Өрт сөндіру машиналарының жүргізушісіне мынадай міндеттер жүктеледі: бөлімнің шығу ауданын, өту жолдарын, бөлімнің шығу ауданында су көздерінің орналасуын білу; тактикалық-техникалық сипаттамаларды, құрылғылардың мақсатын, өрт сөндіру автомобильдері мен басқа да өрт және авариялық-құтқару техникасының жұмыс істеу принципін, жұмысын және қызмет көрсету тәртібін білу; барлық арнайы агрегаттар мен механизмдерде, сондай-ақ автомобильдерде орнатылған радиостанцияларда жұмыс істей білу; өрт сөндіру автомобильдерін қызмет өткеру, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария қағидаларын сақтау; автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуді техникалық жай-күйін тексеру, сапалы, уақтылы орындау; сақтау қағидаларын және оларды қолдану тәртібін сақтау; гараж жабдығын пайдалану қағидаларын сақтау, өрт сөндіру автомобильдерін пайдалану бойынша негізгі пайдалану-техникалық құжаттарды ресімдеу.

Талаптар: жасы - 18 ден 35 жасқа дейін, толық орта білім бар, «B,С немесе жаңа үлгі бойынша B,С, В1, С1» санаттағы жүргізуші куәлігі .

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

            2) белгіленген нысандағы сауалнама;

            3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

            4) өз қолымен жазылған, сондай-ақ басылған түрде жазылған өмірбаян;

            5) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

            6) еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

            7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

            8) соңғы жұмыс орнынан мінездеме (жұмыс өтілі болған жағдайда);

            9) 3х4 көлеміндегі төрт фотосурет;

            10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

            11) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

            12) құжаттарды тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижесі бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

            13) справки о сдаче декларации о доходах и имуществе на себя и супругу (а) в двух экземплярах;

            14) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

            15) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, спорттық жетістіктерін растайтын құжаттар, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және басқалар) (болған кезде) қоса береді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады

ҚР ТЖМ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ кадр жұмысы бөлімінде Алматы қ., Қонаев көшесі 132, тел: 261-28-92 мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәтінен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.