«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
С-О-5 санатына: С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
С-R-4 санатына: C-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санаты |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
С-О-5 |
186 632 |
229 492 |
С-R-4 |
186 632 |
229 492 |
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ (бұдан әрі - Департамент), 050040, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 300; анықтама телефондары (факс): 293-53-74, 274-25-13, 394-57-45 e-mail www.dchs_alm@emer.kz, ok_dchs_alm@emer.kz (көлемі 10 МБ-дан артық емес), «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері: тиісті қаржы кезеңіне арналған республикалық бюджеттің жобасын және жоспарын қалыптастыруды жүзеге асыру негізделген және тиімді жоспарлау қағидаттарын сақтай отырып, сондай-ақ қажетті негіздемелермен және есептермен республикалық бюджетті нақтылау және түзету шеңберінде тиісті қаржы кезеңіне арналған республикалық бюджет бойынша шығыстарды жоспарлау бойынша қажетті есептерді жасайды. Мүліктік-материалдық құндылықтардың бухгалтерлік есебін жүргізуді жүзеге асыру, құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуін алдын ала бақылау. Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша бастапқы құжаттарды (жүкқұжаттар, шоттар, ТМҚ қабылдау-тапсыру актілері, көрсетілген қызметтер актілері және т.б.) қабылдау және өңдеу, ұсынылған бастапқы құжаттардың дұрыстығын, олардың орындалған жұмыстардың, ұсынылған қызметтердің, жеткізілген тауар-материалдық құндылықтардың нақты көлеміне сәйкестігін бақылау. Қызметкерлерге ақшалай үлес пен жалақы бойынша есеп айырысудың бухгалтерлік есебін жүргізу, құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуін және жасалатын операциялардың заңдылығын алдын ала бақылау. Белгіленген мерзімде салық органдарына салық есептерін жасау және тапсыруды тоқсан сайын қамтамасыз ету. Тоқсан сайын статистикалық есептілікті жасау және белгіленген мерзімде статистика органдарына ұсыну. Қазынашылық органы жүргізген электрондық құжаттарды (шарттарды тіркеуге өтінімдерді, төлеуге берілетін шоттарды) қалыптастыруды, жөнелтуді және алуды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және бизнес (қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика).
Функционалдық міндеттері: Департаментте ақпараттық-аналитикалық жұмысын қалыптастыру және іске асыру. Келіп түскен ақпаратты іріктеу, бағалау және жүйеге келтіруді жүзеге асыруға қатысу; мониторинг нәтижелері бойынша материалдар дайындау. Жеке мәселелер бойынша аналитикалық зерттеулерді жүзеге асыруға қатысу. Алқа комиссиялардың отырысына, кеңестерге және төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша өткізілетін іс-шараларға мәселелерді дайындау бойынша жұмысын ұйымдастыруға қатысу. ТЖД басшылығына ұсыну және Министрлікке, басқа мемлекеттік органдарға ұсыну үшін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, оның ішінде есептік сипаттағы мәселелер бойынша аналитикалық ақпаратты пысықтауға қатысу. ҚР аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы деректерді өңдеуге және талдауға қатысу. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін және одан әрі жетілдіруді қамтамасыз етуге бағытталған құзыреттері шегінде салалық, секторлық және нысаналы бағдарламалар мен тұжырымдамаларды әзірлеу процесіне қатысу. Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне ақпараттық-аналитикалық жұмысы және стратегиялық жоспарлау мәселелері бойынша практикалық және әдіснамалық көмек көрсету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер және/немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі); әскери ісі және қауіпсіздік (өрт қауіпсіздігі); білім (география); құқық (құқықтану), ауыл шаруашылығы (аграрлық техника және технология).
Функционалдық міндеттері: Департаменттің қызметіне қатысты мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру. Бұқаралық ақпарат құралдарына күнделікті мониторинг жүргізуді жүзеге асыру. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау және жұмысты үйлестіру (бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз конференцияларын, брифингтер, өзге де іс-шараларды ұйымдастыру). Бұқаралық ақпарат құралдарын төтенше жағдайлар аудандарынан оларды жою жұмыстарының барысы туралы жедел мәліметтермен қамтамасыз ету; баспасөз қызметіне бекітілген Департамент веб-сайтының бөлімдерін ақпараттық сүйемелдеуді жүргізеді. Департамент қызметінің мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау мен ақпараттық-аналитикалық жұмысы. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз релиздерін, хабарлар және өзге де ақпараттық материалдарды дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім (қазақ тілі мен әдебиеті); гуманитарлық ғылымдары (филология және/немесе аударма іс); экономика және бизнес (журналистика және/немесе журналистика, қоғаммен байланыс).
Функционалдық міндеттері: Департаментте құжаттандыру және іс жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу және азаматтардың өтініштері бойынша заңнаманың орындалуын бақылау. Құпия емес және қызмет бабында пайдалану үшін іс жүргізуді, қызметтік құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылауды жүргізу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарында құжаттандыру және құжаттаманы басқару қағидалары талаптарының орындалуын қамтамасыз ету. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі базасында жұмыс жүргізу. Департаментте істер номенклатурасын әзірлеу. Ведомстволық мұрағаттың бақылау-анықтамалық және басқа да картотекаларын қалыптастыру және жүргізу. Ведомстволық мұрағатқа келіп түскен құжаттардың сақталуын ұйымдастыру және сақтығын қамтамасыз ету: келіп түсетін сұратуларға сәйкес құжаттардың мұрағаттық көшірмелерін беру, ведомстволық мұрағаттың құжаттарында бар мәліметтердің негізінде қажетті анықтамаларды әзірлеу.
Ресми тілден мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден ресми тілге аударылған қызметтік, нормативтік және құқықтық құжаттарды тексеруді жүзеге асыру. Департаменттің аппараты мен бөлімшелерінде мемлекеттік тілде іс жүргізуді дамыту. Бөлімшелерге мемлекеттік тілде іс жүргізуді дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету. «Өте құпия» белгісі бар құжаттарды аудару және тексеру, құжаттардың аударылуын бақылайды.
Қазақстан Республикасының ІІМ ТЖК органдары қызметінде мемлекеттік тілді дамыту мәселелерін реттейтін ҚР заңдар, ҚР Президентінің Жарлықтарын, ҚР Үкіметінің қаулыларын, ҚР бағдарламалық құжаттары мен тұжырымдамадарын, ҚР ІІМ ТЖК Алқа мәжілістері және кеңестері шешімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (радиотехника, электорника және телекоммуникациялар және/немесе ақпараттық жүйелер және/немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі); әскери ісі және қауіпсіздік (өрт қауіпсіздігі); білім (қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе шет тілі: екі шет тілі); құқық (құқықтану); гуманитарлық ғылымдары (филология және/немесе аударма іс).
Функционалдық міндеттері: Аудан аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру. Төтенше жағдай орындарына бару, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысу. Азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар мәселесі бойынша шаруашылық жүргізу объектілерге және оқу мекемелеріне сабақтар өткізу және әдістемелік көмек көрсету. Оқу-әдістемелік құжаттар, оқу және көрнекі құралдар әзірлеу. Ауданның қызметтерімен және объектілерімен азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар, машықтауларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейнгі білім, кәсіби білім, техникалық білім: ауыл шаруашылық ғылымдары (ауыл шаруашылығының механизациясы және/немесе су ресурстары және суды пайдалану); техникалық ғылымдары мен технологиялар (машина жасау және/немесе құрылыс және/немесе радиотехника, электорника және телекоммуникациялар және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы және/немесе ақпараттық жүйелер және/немесе аспап жасау және/немесе электр энергетикасы және/немесе полиграфия және/немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және/немесе металлургия (салалар бойынша) және/немесе стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)); әскери ісі және қауіпсіздік (өрт қауіпсіздігі); білім (информатика және/немесе география); құқық (құқықтану және/немесе құқық); жаратылыстану ғылымдары (химия және/немесе экология және/немесе метеорология); экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару).
Функционалдық міндеттері: Аудан аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру. Төтенше жағдай орындарына бару, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысу. Азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар мәселесі бойынша шаруашылық жүргізу объектілерге және оқу мекемелеріне сабақтар өткізу және әдістемелік көмек көрсету. Оқу-әдістемелік құжаттар, оқу және көрнекі құралдар әзірлеу. Ауданның қызметтерімен және объектілерімен азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар, машықтауларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейнгі білім, кәсіби білім, техникалық білім: ауыл шаруашылық ғылымдары (ауыл шаруашылығының механизациясы және/немесе су ресурстары және суды пайдалану); техникалық ғылымдары мен технологиялар (машина жасау және/немесе құрылыс және/немесе радиотехника, электорника және телекоммуникациялар және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы және/немесе ақпараттық жүйелер және/немесе аспап жасау және/немесе электр энергетикасы және/немесе полиграфия және/немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және/немесе металлургия (салалар бойынша) және/немесе стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)); әскери ісі және қауіпсіздік (өрт қауіпсіздігі); білім (информатика және/немесе география); құқық (құқықтану және/немесе құқық); жаратылыстану ғылымдары (химия және/немесе экология және/немесе метеорология); экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
Бірыңғай персоналды дамыту қызметі «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, бірыңғай персоналды дамыту қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсына қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңның 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес азаматтар «Теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы».
Келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Департаментке тапсырылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде Департаменттің (Алматы қаласы, Байзақов көш., 300) ғимаратында өтеді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметін хабардар етеді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Департаменттің интернет-ресурсында, сондай-ақ ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының іс-әрекеті мен шешiмiне шағымдана алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Достық даңғылы, 134, мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 8 (727) 254-90-28 байланыс телефонына немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
Қатысушылары мен кандидаттары «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жадынама
Конкурс қатысушылары мен кандидаттары құқылы:
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынбауға.
Құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға.
Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен хабарландыруына.
Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.
Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.
Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.
Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде таныстырылуға.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.
Конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда 3) тармақшаcында көрсетілген құжаттар қайтарылуына өтініш беруге.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Достық даңғылы, 134, мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 8 (727) 254-90-28 байланыс телефонына немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені __________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға жәнеорналасуға келісім беремін __________________.
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Мекенжайы: __________________________________________________________
Байланыс телефоны: ____________________________________________________
e-maіl: ________________________________________________________________
ЖСН: ________________________________________________________________
_________ ______________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.
"Б" корпусының мемлекеттік |
Форма |
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ
ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ
ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
_____________________________________________ |
ФОТО |
|
||||
_____________________________________________ |
||||||
_____________________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер) |
||||||
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
|
|||||
Туғанкүніжәнежері/ |
||||||
Ұлты (қалауыбойынша)/ |
||||||
Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / Семейное положение, наличие детей |
||||||
Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/ |
||||||
Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдайда) / |
||||||
Шетелтілдерінбілуі/ |
||||||
Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда) / |
||||||
Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болғанжағдайда) / |
||||||
Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі(болғанжағдайда) / Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) |
||||||
Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/ |
||||||
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|
|||||
Күні/Дата |
Қызметі*, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/ должность*, место работы, местонахождение организации |
|
||||
қабылданған/ |
босатылған/ |
|
||||
|
||||||
_____________________ |
_______________ күні / дата |
|
||||
* Примечание: в послужном списке каждая занимаемая должность заполняется в отдельной графе