Алматылық құтқарушылар Сайран көліне батып бара жатқан 12 жасар жасөспірімді судан құтқарып алды

Алматылық құтқарушылар Сайран көліне батып бара жатқан 12 жасар жасөспірімді судан құтқарып алды

Бүгін, 24 шілдеде кешкі сағат 17 шамасында ТЖ департаментінің, 109 құтқару қызметінің қызметкерлері жоспар бойынша Әуезов ауданының Сайран көлінде патрульдеу жұмыстарны жүргізді. Құтқарушылар бала суға шомылу үшін жабдықталмаған жағажай бағытына қарай әлсіз жүзіп, суға бата бастағанын анықтады. Дереу жанына моторлы қайықпен жетіп, судан шығарып, құтақарушылар баланы жағажайға жеткізді. Кезекші қызметкерлер Сайран көліне шомылуға достарымен, ересектерсіз келген 12- жасар жасөспіріммен түсіндіру әңгімесін жүргізіп, әрі қарайл үйіне жіберді.

Атап өту қажет, шомылу маусымы басталғаннан бері Сайран көлінде 8 адам құтқарылды, оның 4-і балалар.

Құтқарушылар суға шомылу маусымы басталғалы бері өз күштерін дұрыс бағаламау, мас күйінде суға шомылу, шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түсу, және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру салдарынан қайғылы оқиға тіркелетіні туралы хабарлайды.

Осыған байланысты Алматы қ ТЖД ересек ата – аналарға өз балаларына аса мұқият болуға, оларды қараусыз қалдырмауға, олардың орналасқан жерін бақылауға, балаға ересектердің қадағалауынсыз су айдындарында шомылуға тыйым салынады деп түсіндіруге шақырады.