Көлде суға батып бара жатқан жасөспірімге алматылық құтқарушылар көмектесті

Көлде суға батып бара жатқан жасөспірімге алматылық құтқарушылар көмектесті

Алматы қаласының ТЖД, 109 құтқару қызметінің құтқарушылары, полицейлер мен еріктілер қаланың су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жалғастыруда
18 шілдеде кешкі 17-де 16 жастағы Р. Жасөспірім Сайран көлінің жанында туыстарымен демалып отырғанда, кенеттен оның аяқкиімін 15 метр қашықтықта толқын алып кетті. Жас жігіт аяқ киімін қайтару үшін бірден суға сүңгіді.

Кенеттен, аяғының астында жер сезінбестен, бойын үрей басып, бала суда тұншыға бастады. Бұл уақытта 109 қызметінің құтқарушылары жағалаудан жас жігіттің батып бара жатқанын көріп, құтқару шеңберін лақтырып, уақытында көмек көрсетті. Олар суға батып бара жатқан жас жігітті жағалауға қауіпсіз жеткізіп, ата-аналарына аман есен табыстады. Медициналық көмек қажет болмады.
Атап өту қажет, қаланың су қоймаларында демалушылар қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамай, бұл қайғылы жағдайларға әкеледі. Қаланың су айдындарында жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында ТЖД, ПД қызметкерлері, 109 қызметінің еріктілері мен құтқарушылары патрульдеу жұмыстарын жүргізеді.

Демалыс күндері Сайран көлінде ҚР ӘҚБК 440-бабына сәйкес патрульдеу кезінде қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін 26, 30, 36 жастағы үш ер адамға айыппұл салынды. Олардың барлығы су айдынында алкогольдік мас күйінде болған, ал 5 адам тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін ӘБ туралы ҚРК 364-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Халықпен алдын алу жұмысында ТЖД белсенді көмекшілері "Лидер кз", "Қазақстан Еріктілер лигасы" еріктілері бірге жұмыс жасауда. Екі күн ішінде 300-ден астам суға шомылуға келушілермен түсіндіру әңгімесі өткізіліп, шомылу кезіндегі қауіпсіздік жадынамалары таратылды.

ТЖД Алматы қаласының барлық тұрғындары мен қонақтарына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.