Күннің қатты ысуына байланысты Дауылды ескерту!

Күннің қатты ысуына байланысты  Дауылды ескерту!

Алматы қаласының ТЖ Департаменті «Қазгидромет» РМК 2021 жылғы 29 маусымдағы ҚҚ №52 дауылды ескертуінің негізінде хабарлайды: Алматы қаласында 30 маусымда күндіз 33-35 градус қатты ыстық болады деп күтілуде.

Осыған байланысты, ТЖ Департаменті төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

- Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, сағат 12: 00-ден 16: 00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киюге тырысыңыз және күннен қорғайтын сықпа майлар қолданыңыз;

- Алкогольді ішімдік ішпеңіз – алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді және дене жоғары температураға сезімтал болады;

- Сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз;

- Денеге салмақ түсірмеңіз. Күшті жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соқтырады;

- Авто көліктермен ұзақ сапарларды шектеуіңіз керек, егер бұл мүмкін болмаса, жолда мүмкіндігінше абай болыңыз, себебі, қатты ыстықтан көңіл күй төмендеп адам өзін өзі нашар сезінуі мүмкін және реакция төмендейді.

- Балаларды авто көліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін.

- Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сіздің өміріңізге қауіп төнгендей жағдай болса, «112», «101» бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз (қоңырау шалу тегін).

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!