Құтқарушылар алматылық мектеп оқушыларына судағы қауіпсіздік ережелерін үйретеді

Құтқарушылар алматылық мектеп оқушыларына судағы қауіпсіздік ережелерін үйретеді

Жыл сайынғы «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары қала Әкімдігінің қолдауымен ҚР ТЖМ Республикалық жедел құтқару жасағымен бірлесіп «Жүзуді үйрен!» акциясын ұйымдастырды.

Акцияның мақсаты–балаларға жүзуді үйрету, суда жүзу маусымында балалардың су айдындарына батып кетуіне жол бермеу.

Бүгін ТЖ департаментінің қызметкерлері мен РЖҚЖ құтқарушылары Түрксіб ауданындағы «Aquastars» бассейнінде болды. Азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері майор Бекболат Бұғабаев оқу сабағын негізгі мінез-құлық ережелерін таныстырудан бастады. РЖҚЖ құтқарушылары іс жүзінде балаларға төтенше жағдайда өздерін қалай ұстау керектігін және суда зардап шеккендерге көмек көрсетуді көрсетті.

«Жақсы жүзу мүмкіндігі-судағы қауіпсіз демалудың маңызды шарттарының бірі болып табылады, сондықтан аталған жаттығулар судағы экстремалды жағдайдағы дұрыс әрекеттерге бағытталған. Суда жүзуді үйрену үшін - дұрыс тыныс алуды үйреніп, өзіңізді суда еркін ұстаңыз. Жүзіп үйренуді жалғыз бастаудың қажеті жоқ. Суға жүзуді тек жаттықтырушының, ата-ананың мұқият бақылауымен ғана үйрену керек», деді РЖҚЖ құтқарушысы Дмитрий Юшков.
«Балалар біздің айтқан кеңестерімізді орындайды және қажетті қауіпсіздік талаптарын орындайды деп сенеміз», - деді майор Бұғабаев Бекболат.

Ай сайын «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында 8-ден 12 жасқа дейінгі 700 бала суда жүзуде тегін оқиды. Жаздың аяғына дейін жоба ұйымдастырушылары Алматы мектептерінің 2100 оқушысын қамтуды жоспарлап отыр.