Бостандық ауданында өрт сөндірушілер бірнеше отбасы тұратын жеке тұрғын үйдің жанып кетуіне жол бермеді.

Бостандық ауданында өрт сөндірушілер бірнеше отбасы тұратын жеке тұрғын үйдің жанып кетуіне жол бермеді.

09 мамыр күні түнгі 22 сағат: 15 минутта Алматы қ. ТЖД 101 пультіне Бостандық ауданындағы Бокин көшесі, 12-үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер 5 минутта келіп, 1996 жылы шығарылған автокөліктің ашық жалынмен жанып тұрғанын, сондай- ақ өрттің шаруашылық құрылыстарға таралып кеткенін анықтады.

35 шаршы метрді қамтыған жалын, жақын маңдағы бірнеше отбасы тұратын жеке тұрғын үйге өту қауіпі туындады. Тұрғындар үй-жайларды тастап сыртқа шығып кетті. Өрт сөндірушілер оқпандарын дереу өрт ошағына бағыттап, автоцистерналарды гидранттарға орнатты, суды үздіксіз беруін ұйымдастырды. Өрт сөндірушілер жалпы көлемі 125 литр болатын 3 қызып тұрған газ балондарды оқпандармен салқындатып, өрт орнынан алып шықты.

Қабылданған шаралармен өрт келген сәттен бастап 14 минут ішінде ауыздықталып, тағы 12 минуттан кейін, 22 сағат: 46 минутта толығымен жойды.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін жанып тұрған автокөлікті өз бетімен түсіруге тырысқан 1959 жылғы азаматқа медициналық көмек қажет болды.