Тазалық үшін иықпен иыққа!

Тазалық үшін иықпен иыққа!

10 сәуірде Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері Департамент аумағында сенбілік өткізді. Сыпырғышпен және күрекпен қамтамасыз етілген офицерлер мен азаматтық қызметкерлер ғимаратқа іргелес аумақтарды тазартты: ағаштардың айналасындағы топырақты қазып,  жиектерді бояп, жапырақтар мен қоқыстарды алып тастады.

Таза ауада бірнеше сағат жұмыс  істеп сенбілікке қатысқан ұжымның  көңіл күйлері көтеріңкі болды. Сенбілік аяқталғаннан кейін аумақты тазарту бойынша оң баға алынды.

Сенбілікке Алматы қаласы ТЖД басшылық құрамына дейін барлық қызметкерлер қатысты.