3 - 4 сәуір аралығында қар көшкіні жүруі қауіпі сақталады

3  - 4 сәуір аралығында қар көшкіні жүруі қауіпі сақталады

2021 жылғы 03 сәуірдегі  РМК Казгидромет ММ № 9 Дауылды ескертуінің негізінде Алматы қ. Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:

қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында  3  - 4 сәуір аралығында қар көшкіні жүруі қауіпі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар!