ТЖ Департаменті Алматы қаласының Жоғары оқу орындарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді.

ТЖ Департаменті Алматы қаласының Жоғары оқу орындарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді.

ТЖ Департаменті Алматы қаласының Жоғары оқу орындарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді. 

2021 жылғы 31 наурызда ынтымақтастық туралы жасалған меморандумдар шеңберінде, ZOOM бейнеконференцбайланыс арқылы ТЖ Департаменті Алматы қаласының жоғары оқу орындарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді.  

ТЖ Департаменті мен Алматы қаласының Жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы 6 меморандум жасалды, оның ішінде «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ, «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, «Қазақ спорт және туризм академиясы» ҒЗИ, «Қазақ көлік және коммуникация академиясы» АҚ, «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КЕАҚ, сондай-ақ «Қазақстандық ғылыми-техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ.  

Дөңгелек үстел барысында Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары капитан Ануар Асқарұлы Юсупов 2019-2020 жылдары өткізілген бірлескен іс-шараларды атап өтті, сондай-ақ ТЖ алдын алу және жою бойынша заманауи жобаларды енгізуге, сондай-ақ халықты ТЖ кезіндегі іс-қимылдарға үйретуге бағытталған одан әрі ынтымақтастықтың нұсқалары мен тақырыптары ұсынылды.

«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ - мен жасалған меморандум шеңберінде қазіргі уақытта іс жүзінде Алматы қаласының білім беру объектілерінде қолданылатын «Жер сілкінісі-тірі қалу симуляторы» жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар бойынша оқыту бейне ойыны әзірленді.

Дөңгелек үстел нәтижелері бойынша ғылыми зерттеулерге арналған тақырыптар, сондай-ақ бірлесіп әзірлеу және мемлекеттік комиссияда қорғаудан өту үшін ЖОО студенттерінің дипломдық жобаларының тақырыптары анықталды.