Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Алматы ТЖД әйел қызметкерлерді ғимараттағы дауыс зорайтқыштардан құттықтады

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Алматы ТЖД әйел қызметкерлерді ғимараттағы дауыс зорайтқыштардан құттықтады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ТЖ департаментінің ерлер жартысы погон тағатын, жауынгерлік қызмет атқаратын, бірақ әдемі, нәзік және мейірімді болып қалатын өзінің тамаша әріптестерін ерекше құттықтады.

Карантин шараларын ескере отырып, ер адамдар авторлық музыкалық нөмірлер ұйымдастырды. Түскі үзіліс кезінде ғимараттың барлық бұрыштарынан құттықтау сөздері қатты естіле бастағанда, әйелдер таң қалды. Қызметкерлер бір – бірінің артынан кабинеттерінен шығып, таныс дауыстардың қайдан шыққанын түсінуге тырысты. ТЖД бастығы Руслан Қасымбаев ҚР ТЖ министрі Юрий Ильиннің құттықтауын жеткізіп, департамент әйелдерінің құрметіне өлең арнады, құттықтау өлеңдерімен қосылып орынбасарлары Ерлан Әлібеков пен Самат Асаинов таң қалдырды. Сонымен қатар, жеке топтарға бөлініп, ер адамдар әр кеңсеге кіріп, әйел әріптестеріне сыйлықтар, қызғалдақтар мен алғыс хаттар табыс етті.

Алматы қаласы ТЖД бастығы өз құттықтауында азаматтық қорғау органдары жүйесіндегі әйелдердің төзімділігімен ерекшеленетінін атап өтті. Ер адамдармен қатар олар қызмет атқарады, күрделі және жауапты міндеттерді орындайды. Ұжымның ерлер құрамы Департаменттің барлық әйелдеріне үздік қызметі үшін алғыс айтып, бейбіт аспан мен отбасына амандық тіледі.

Қазақстандық эстрада жұлдыздары – ҚР Еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова, Бүркіт, Әлішер Кәрімов, Қайрат Тұнтеков және басқа да көптеген әртістердің құттықтаулары өздерінің ханымдарын тосын сыймен таң қалдырды.

Алматы гарнизонында барлығы 220-дан астам әйел қызмет етеді және жұмыс істейді. Алматы қаласы ТЖД бастығы Руслан Қалдыбаев гарнизонның 50-ден астам қызметкерін марапаттады. Олардың арасында азаматтық, әкімшілік қызметкерлер де, погон таққан әйелдер де   бар.

https://www.instagram.com/tv/CMEqYJPDmKN/?igshid=zzs4hq6d6lvb

https://www.instagram.com/tv/CMEn2c8jz5q/?igshid=1mi3p5lyg6nxg

https://www.instagram.com/p/CMEpe_Ujbqf/?igshid=zq5a3kpz6lh3