«КӨКТЕМ» 2021 Алматыда: қаладағы су тасқыны қаупі жіті бақылауда!

«КӨКТЕМ» 2021 Алматыда: қаладағы су тасқыны қаупі жіті бақылауда!

Ұйымдастыру нұсқауларына сәйкес 2021 жылғы 4 және 5 наурызда қалада "Көктем-2021"Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында қалада 9 км. өзендер мен каналдардың арналары тазаланды, 200 текше метрден астам қоқыс шығарып, ұзындығы 1600 метрден астам "Қарғалы" өзені арнасының түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді, ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери сарбаздары Райымбек даңғылындағы автомобиль көпірінің астын қар мен мұздан тазартты.

Оқу-жаттығуға азаматтық қорғау қызметтерінің, ҚР ТЖМ авариялық-құтқару құрамаларының 200-ден астам адамы мен 50 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Нәтижесінде атқарылған жұмыстар мұздықтардың еруіне жол бермейді, сондай-ақ жалпы халық саны 130 адамнан асатын 57 жеке тұрғын үйді су басу қаупін жойды.

Қалада шұғыл әрекет ету мақсатында жеке құрамнан 5247 адам, әртүрлі мақсаттағы 776 бірлік техника, 26 жүзу құралы, 92 мотопомпа және 99 бірлік автономды электр станциялары күштер мен құралдарды дайындыққа келтірілді.

Ағымдағы жылы Департамент су тасқыны қаупі бар 17 учаскені есепке алды.

Жауын-шашынның болжамы кезінде азаматтық қорғау күштері мен құралдары осы учаскелерге алдын ала қойылатын болады.