Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері Дүние жүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында ардагерлерге арналған құттықтау іс-шараларын жүргізді

Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері Дүние жүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында ардагерлерге арналған құттықтау іс-шараларын жүргізді

Көктемнің алғашқы күні-Қазақстан Республикасында Азаматтық қорғаныстың құрылуының тарихи күні. Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс Күнін мерекелеу аясында ТЖД басшылығы еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосқан азаматтық қорғаныс ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетті.

1 наурызда Алматы қаласы ТЖД басшылығы Қызыл Жарты Ай қоғамының еріктілерімен бірге, жергілікті әуе шабуылына қарсы және азаматтық қорғаныс ардагерлерін: Бекболатов Талғат Кәрімұлы, Молғаждаров Амантай Айткенұлы, Бортников Николай Егорович, Кулумгариев Мұхит Нұрмаханұлы, Идиров Болат Сағымбайұлы, Рыбалкин Владимир Николаевич, Синица Виталий Владимировичті карантин шараларын сақтай отырып салтанатты  түрде құттықтады.

Офицерлер ардагерлерге елдің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін құру және нығайту ісіне қосқан еңбегі үшін үлкен алғыс пен ризашылықтарын білдірді. Өз борыштарына адал қызмет ете отырып, олар құрметке ие болды, олар тәжірибесін жас ұрпаққа бүгінгі күнге дейін беруде.

Салтанатты түрде "АРДАГЕР-ардагер" медальдары, естелік сыйлықтар мен гүлдер табыс етілді.

Ардагерлер соғыстан кейінгі кезеңде қызмет өткергендері туралы естеліктерімен бөлісіп, көрсеткен қамқорлығы үшін алғыс білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 1 ақпаннан бастап Алматы қаласында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған айлық басталды. 2021 жылдың ұраны - " ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті азаматтық қорғаныс!» болып бекітілген.