Аммиак төгілген объектідегі "апат" жойылды!

Аммиак төгілген объектідегі "апат" жойылды!

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс Күні аясында Алматы қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері "Carlsberg Kazakhstan" ЖШС объектісіндегі авариялық жағдайлар бойынша кәсіби авариялық-құтқару командасын тарта отырып, "аммиактың төгілуіне байланысты авария кезіндегі объектінің жұмыс персоналының іс-қимылы" тақырыбында жаттығу өткізді.

Жаттығу барысында шартты түрде "CarlsbergKazakhstan" ЖШС объектісінде аммиак төгілуі орын алды, кәсіби авариялық-құтқару командасы зардап шегушіні қауіпсіз орынға үйлесімді эвакуациялау бойынша іс-қимылдарды пысықтап, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетті, авария кезінде туындаған шартты өртті "сөндірді", сонымен қатар аммиактың зиянды әсерін қауіпсіздендіру үшін су бүркемесін жасау бойынша арнайы техника қолданылды.

"CarlsbergKazakhstan" ЖШС объектісі Азаматтық қорғанысқа, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайын.