Есту қабілеті бұзылған балалар мен ересектерді алматылық құтқарушылар өрт және жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға үйретті

Есту қабілеті бұзылған балалар мен ересектерді алматылық құтқарушылар өрт және жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға үйретті

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс Күні қарсаңында Алматы қаласы ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері және Қызыл Жарты Ай қоғамының еріктілерімен бірлесіп жер сілкінісі, өрт кезіндегі іс-қимыл және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сыныбын өткізді. "Үміт" саңырау мүгедектерді қолдау орталығы қоғамдық қорының базасында "онлайн" режиміндегі сабақтарға есту қабілеті бұзылған балаларға арналған интернат-мектептердің тәрбиеленушілері де қосылды, барлығы  сабаққа 60-тан астам адам қатысты.

Сурдоаудармашылар құтқарушылар мен еріктілерге мектеп интернатының оқушылары мен "Үміт" орталығының қамқорлығындағы оқушыларға ТЖ кезіндегі іс-қимыл алгоритмі туралы айтып беруге көмектесті және "Дабыл дорбаның" ішіндегі қажетті заттармен көрнекі түрде таныстырды.

Тыңдаушылардың жер сілкінісі кезінде ғимараттардағы қауіпсіз орындар туралы сұрағына құтқарушылар ғимараттардың ішкі және бұрыштық негізгі қабырғаларда, ригель астындағы орындарда, есік ойықтарында екенін түсіндірді. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері "Гоша" Робот-манекенінде жүрек-өкпе реанимациясын қалай көрсету керектігін көрсетті.

Тыңдаушыларды "Дәрмен"мобильдік қосымшасы арқылы ерекше адамдарды ТЖ туралы ақпараттандыру мәселелері бойынша сұрақ қойды. Өз кезегінде, Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Бекболат Бұғабаев "Дәрмен" хабарламалары push-хабарламалар түрінде көрсетілетінін және есту қабілеті бұзылған адамдар үшін көрнекі түрде қолжетімді екенін айтып берді.

Атап өту кереку, ТЖД ерекше білім беру қажеттіліктері бар халық топтары арасында тұрақты негізде сабақтар өткізеді. Қазіргі уақытта қалада сөйлеу қабілеті, ақыл-ойы бұзылған, балалардың церебралды сал ауруы, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған 8 түзету интернаты, 12 түзету балабақшалары жұмыс істеудеі.

Балалар оқытыла алмайтын жағдайларда құтқарушылар аталған мекемелердің қызметкерлермен сабақ өткізеді.