Өрт сөндірушілер "Таугүл" шағын ауданындағы жанып жатқан дүкеннен 48 жастағы әйелді құтқарды

Өрт сөндірушілер "Таугүл" шағын ауданындағы жанып жатқан дүкеннен 48 жастағы әйелді құтқарды

2021 жылғы 20 ақпанда таңғы сағат 06:21-де Алматы қаласы ТЖД 101 пультіне Әуезов ауданы Таугүл, ш / а 29 «б» мекен жай бойынша,  өрт туралы хабарлама келіп түсті. Бірінші бөлімшелер 5 минутта келген сәтте, екі қабатты "Береке" дүкенінің тауарлық-материалдық құндылықтары бар ағаш стеллаждары жанып, өрт бірінші қабаты қабырғаларының ішкі қаптамасына жайылғанын анықтады. Ғимараттан қалын түтін шығып, көрші үйлердің тұрғындары үрейленіп жинала бастады.

Барлау жұмыстарды атқарған кезінде,  куәгерлерден  1-МӨСБ қарауыл бастығы Омар Назымжан дүкеннің ішінде әйел қызметкер қалғаны туралы ақпарат алды. Бұл туралы жанып жатқан дүкеннен қашып үлгерген әріптесі айтты. Ол дүрбелең жағдайда болса да, өрт сөндірушілерге  , бөлмелердің орналасуын егжей-тегжейлі ақпаратты анықтап жеткізді.

Әйелді құтқару үшін 1-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің бөлім командирі Әбішев Муталип, сондай-ақ Төребеков Ербол, Ниязалы Мадияр құрамындағы газ-түтіннен қорғау қызметі дереу тұтанып жанып тұрған дүкенге кірді. Дүкеннің кассалық аппарат артында орналасқан  тағы үш бөлме бар екені белгілі болды. Зардап шеккен әйелді  барлау кезінде қызметтік  үй-жайлардың бірінен тапты. 48 жастағы әйел дымқыл орамал арқылы дем алуға тырысса да, ес-түссіз күйде жатқанын анықтады. Дереу өрт сөндірушілер оны таза ауаға шығарып, жүрек-өкпе реанимациясын жасады. Келген дәрігерлер бригадасы зардап шеккен дүкен қызметкерді  жедел медициналық жәрдем ауруханасының токсикология бөлімшесіне жатқызды.

Қабылданған шаралармен өрт келген сәттен бастап 15 минут ішінде ауыздықталып , таңғы 6:51-де жалпы алаңы 8 ш.м. құраған өрт толығымен жойылды. Өртту сөндіруге  8 бірлік техника, жеке құрамның 20-дан астам адамы, сондай-ақ өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды.

 Қазіргі уақытта зардап шеккен әйелдің жағдайы бір қалыпты, күндіз  ауруханадан үйіне жіберілді!

Осыған байланысты Алматы қ.ТЖД электр сымдарды дер кезінде тексеріп, розеткаларды, және т.б. электр құралдарын жарамды күйде ұстауды ескертеді. Ақаулығы бар электр сымдарын пайдаланбаңыз!