25 ақпанда алматылықтар сирена дыбысын естиді ❗ ❗ ❗

25 ақпанда алматылықтар сирена дыбысын естиді ❗ ❗ ❗

Алматы қаласы тұрғындарының назарына!

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 2021 жылғы 25 ақпанда уақытпен 12 сағат 55 минутта тұрғындарды құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексереді.

Тексеру электр дабылдарын қосу арқылы «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналын беріп, теле және радио тарату арналарын автоматты түрде қамтумен бір уақытта халықты құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіліп жатқандағы туралы хабар беру қарастырылуда.

Осыған байланысты Департамент қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға шақырады!

Алматы қаласының ТЖД Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда электр сиренаны қосу кезіндегі келесі ережелерін еске салады.

Егер дабыл дыбысы үйде естілсе:

- Радио, Радио және теледидар қабылдағыштарын қосыңыз;

- шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;

- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Егер дабыл дыбысы көшеде естілсе:

- көшедегі дауыс зорайтқыштар мен жылжымалы хабарлау құралдары арқылы берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;;

- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.