Алматы құтқарушылары #GOМЖС челленджін бастады.

Алматы құтқарушылары #GOМЖС челленджін бастады.

Алматының құтқарушылары "«Салауаттық өмір салты»  форматындағы төтенше жағдайларда өздерінің іс-қимыл дағдыларын жауынгерлік киім мен керек жарақтарымен күштік жаттығуларды орындау бойынша челленджді көрсетті. Өрт сөндірушілер челленджіндегі барлық дене жаттығулары 30 килограмм салмағы бар жабдығымен,  оған "Боевка" жауынгерлік киімі,  жарақ-белбеу, балта, карабин, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары, каска, өрт сөндірушінің темір табанды  ыстыққа төзімді арнайы етігі кіреді

ТЖД челлендждері мен флэшмобтарына "Қызыл Жарты Ай қоғамының" және "Волонтерлар лигасының" еріктілері  қосылып, ТЖ кезінде ең қажетті заттарды жинайтын "дабыл чемоданы" атты челленджді іске қосты.

Естеріңізге сала кетейік, Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс Күні жыл сайын 1 наурызда атап өтіледі. Қазақстан Республикасы 1996 жылдан бастап Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының мүшесі болып табылады.