Алматы қаласы ТЖ департаментінде бастықтың орынбасары тағайындалды

Алматы қаласы ТЖ департаментінде  бастықтың  орынбасары тағайындалды

2021 жылғы 19 қаңтарда Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Руслан Әмірзадаұлы Қасыбаев Департамент бастығының жаңа орынбасары  полковник Асаинов Самат Талғатұлын  жеке құрамға таныстырды.     

Асаинов Самат Талғатұлы 1972 жылғы 20 сәуірде Павлодар облысы Железин ауданы  Озерный ауылында туған, қазақ, білімі жоғары. Үйленген. Екі бала тәрбиелеп отыр.   

Азаматтық қорғау органдарындағы мансабын 1998 жылдан бастаған:

- 20.02.1998 - 24.04.1998 - Алматы қаласының  Мемлекеттік өртке қарсы қызметі № 5 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі;              

- 24.04.1998 - 25.12.1998 - Алматы қаласының Мемлекеттік өртке қарсы қызметі         №5 өрт сөндіру бөлімінің кіші инспекторы;

- 25.12.1998 - 08.1999 - Алматы қ. Мемлекеттік өртке қарсы қызметі № 5 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі;

- 24.08.1999 - 31.07.2001 - Алматы қаласының  Мемлекеттік өртке қарсы қызметі № 5 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы;

- 31.07.2001 - 27.05.2002 - Алматы қаласы Мемлекеттік өртке қарсы қызметі Мемлекеттік бақылау басқармасы Өртке қарсы нормалау және лицензиялау бөлімінің инженері;

- 27.05.2002 - 06.08.2002 - Алматы қаласы Мемлекеттік өртке қарсы қызметі Бас басқармасы Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы;

- 15.03.2005 - 01.06.2006 - Алматы қаласы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет және Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы;      

-  01.09.2006 - 27.03.2009  Астана қаласы өртке қарсы қызмет гарнизонында әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарған;   

-  03.11. 2009 - 29.12.2010 - Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Алатау аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы;

- 29.12.2011 - 27.10.2014 - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Алатау аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы;

-  06.01.2015  - 09.11.2017 - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Жетісу аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы;

- 09.11.2017 - 06.12.2017 - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Бірыңғай кезекшілік–диспетчерлік қызмет басқармасының бастығы;

- 06.12.2017 – 14.01.2021  Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;

- 14.01.2021 жылдан Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

 Қызмет өткерген кезеңінде:

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтой медалімен, «Қазақстан Республикасы Өртке қарсы қызметіне 10 жыл», мерейтой медалімен, «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» I, II, III деңгейлеріндегі медальдарымен, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» мерейтой медалімен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерейтой медалімен, «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, Қазақстан Республикасы ІІМ грамотасымен, «Қазақстан полициясына 25 жыл» мерейтой медалімен марапатталған.