«Крещение Господне» православие мерекесі қарсаңында Алматы қаласының ТЖ департаментінде суға шомылу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы айтылды

«Крещение Господне» православие мерекесі қарсаңында Алматы қаласының ТЖ департаментінде суға шомылу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы айтылды

«Крещение Господне» православиелік мерекесі қарсаңында Алматылық Епархия Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, 5 суға шомылатын орын белгіледі, онда купелдер жабдықталып, орнатылады.

Анықтама үшін:

1. «Астана және Алматы Епархиясы «Алматы қаласының Крестовоздвиженского приход шіркеуі» жергілікті православиелік діни бірлестігі (Қарасу ықшам ауданы Высоковольтная көшесі 37 Б мекенжайында орналасқан);

2. «Покровско-Всехсвятский приход шіркеуі» жергілікті православиелік діни бірлестігі (юных Пионеров көшесі 85 үй мекенжайында орналасқан);

3. «Астана және Алматы Епархиясы «Алматыдағы Благовещенский приход шіркеуі»» жергілікті православиелік діни бірлестігі (Медеу ауданы Алатау шағын ауданы Ибрагимов көшесі 13 мекенжайында орналасқан);

4. «Богородице рождество шіркеуі»» жергілікті православиелік діни бірлестігі (Наурызбай ауданы Ақжар шағын ауданы Егінсу көшесі 1Б мекенжайында орналасқан);

5. «Астана және Алматы Епархиясы «Алматы қаласының Христа Спасителя приход шіркеуі»» жергілікті православиелік діни бірлестігі ( Алатау ауданы Райымбек даңғылы 493 мекенжайында орналасқан).

Судағы төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ұсынады:

- арнайы белгіленбеген жерлерде өз бетімен, бейберекет суға шомылмауға;

- алкогольді ішімдік ішіп мас күйінде суға түспеуге;

- ашық алаңда /мұзда/ купелдің жанында 3 адамнан артық тұрмауға;

- шомылудың алдында әр түрлі қимылдар жасап жүгіріп, денені жылытуға;

-құтқарушылар мен дәрігерлердің қатысуымен шомылуға;

- шомылып болғаннан кейін денені түкті орамалмен сүртуге және құрғақ киім киіп, жылы шай ішуге кеңес береді.

Ұзақ уақыт суық суда болсаңыз, дененің мұздап және тартылып қалатынын, сондай-ақ, суық суға бірден түскен кезде жүрек жеткіліксіздігінің дамуы ықтимал екендігін есте сақтаңыз.

Аталған суға шомылу орындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Алматы қаласы ТЖД, Полиция Департаменті, Республикалық жедел құтқару жасағы, Алматы қаласының құтқару Қызметі, Апаттар медицина орталығы және медицина қызметкерлерімен жалпы саны 193 адам және 30 бірлік техника жұмылдырылып кезекшілік ұйымдастырылатын болады.

Бұл ретте қалған су қоймаларына, тоғандарға және таулы өзендерге (Үлкен және Кіші Алматы, Қарғалы, Ақсай, Есентай) шомылуға тыйым салынады. Қазіргі уақытта бұл су қоймалары мұзбен жабылған, тау өзендеріне жақындау өте тайғақ, су ағып жатқан кезде сіз сырғанап құлап, әртүрлі сынықтар мен жарақаттар аласыз. Мұз астындағы өзендердің ағыны өте күшті, тепе-теңдік бұзылып, құлап қалған адамды ағызып алып кетуі мүмкін.

Осыған байланысты, 18 қаңтарда 24 сағат 00 минуттан бастап және 19 қаңтар күні суға шомылуға тыйым салынған орындарда Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп рейдтер өткізеді.

Тыйым салынған жерлерде шомылған жағдайда, заң бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.