Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК-ның дауылды ескертуі негізінде хабарлайды:
16 қыркүйекте Алматы қаласында өрт қаупі жоғары болады.
Іле-Алатау таулы аймақтарында, сондай-ақ Медеу және Бостандық аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.
Абай болыңыздар және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыздар.