Әуезов ауданының өрт сөндірушілері жиһаз цехы мен автокөлік бөлшектері бар қойманы өрттен қорғады

Әуезов ауданының өрт сөндірушілері жиһаз цехы мен автокөлік бөлшектері бар қойманы өрттен қорғады

2020 жылғы 19 қарашада 13 сағат 55 минутта өрт сөндіру көліктері Әуезов ауданы Өтеген батыр көшесі 15 А мекенжайында шыққан өрт туралы хабарламаға шақыртудың жоғары деңгейімен жіберілді.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері 4 минуттың ішінде келгенде екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында авто бөлшектерменсөрелер орналасқан бокс өртеніп жатқанын анықтады.

Өрт шыққан ғимарат ішіндегі жоғары жанғыш жүктемеден зиянды жану өнімдерінің үлкен концентрациясы бар қою түтін пайда болды. Газ-түтіннен қорғау қызметі  жылу түсіргіштің көмегімен өрт ошағын анықтау үшін барлау жүргізді.

Қабылданған шаралар бойынша қызыл жалын 25 минуттың ішінде ауыздықталып, 14 сағат 42 минутта толықтай сөндірілді. Өрттің ғимараттың екінші қабатындағы жиһаз цехы мен автокөлік бөлшектері бар қоймаларға таралуына жол берілмеді.