Алматы қаласының ТЖД жазғы демалыс кезеңінде балалармен профилактикалық жұмысты жалғастыруда

Алматы қаласының ТЖД жазғы демалыс кезеңінде балалармен профилактикалық жұмысты жалғастыруда

50-ден астам балалар орталығының тәрбиеленушілері №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барып, онда қызметкерлер жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдар туралы айтып, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қызметімен таныстырды.

Іс-шара ТЖД қызметкерлерінің балалары мен балалар орталығының тәрбиеленушілерін біріктірген достық шахмат турнирімен аяқталды. Жеңімпаздар мен барлық қатысушылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.