Әуэзов ауданының өрт сөндірушілері автотұрақтағы өрттің таралуына жол бермеді

Әуэзов ауданының өрт сөндірушілері автотұрақтағы өрттің таралуына  жол бермеді

2020 жылғы 19 қарашада 06 сағат 58 минутта өрт сөндіру көліктері Әуезов ауданы Ақсай-4 ы.а. 17 үйдің маңайында шыққан өрт туралы хабарламаға жіберілді. Өрт сөндірушілер 7 минуттың ішінде келгенде, автотұрақтың аумағында орналасқан үй-жай /көкөніс сататын дүңгіршек/ жанып жатқанын анықтады.

Қызыл жалын  үй-жаймен жапсарлас салынған жабық автокөлік тұрағындағы 2 автокөлік пен   шатырына 50 шаршы метр аумаққа таралып үлгерген. Қатты қызу салдарынан  Ниссан Премьера маркалы автокөлігінің алдыңғы әйнегі мен шанағы зардап шекті.

Өрт алғашқы өрт сөндірушілер келген 24 минуттың ішінде оқшауланып, 07 сағат 36 минутта толықтай жойылды. Қабылданған шаралармен жалынның автокөліктер қойылған жабық автотұрақтың шатырына жайылуына жол берілмеді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.