Алматыда төтенше жағдайлар кезінде халықты қабылдау тәртібі пысықталды

Алматыда төтенше жағдайлар кезінде халықты қабылдау тәртібі пысықталды

Алматы қаласындағы №140 мектеп-гимназиясында ТЖМ қызметкерлері төтенше жағдайлар салдарынан баспанасыз қалған зардап шеккен халықты қабылдау пунктін тәжірибелік түрде орналастыру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында пунктті орналастыру тәртібі, азаматтарды қабылдау, тіркеу және орналастыру үдерісі, сондай-ақ оның жұмыс істеуіне тартылған барлық қызметтер мен лауазымды тұлғалардың атқаратын қызметі көрсетілді.

Тәжірибелік пысықтауға аудандық халықты қабылдау пункттерінің басшылары — мектеп, балабақша, колледж және жоғары оқу орындарының жетекшілері қатысты. Қатысушыларға пункт жұмысының негізгі кезеңдері мен қызметкерлердің халықты қабылдау кезіндегі іс-қимыл алгоритмі көрнекі түрде түсіндірілді.

Мұндай іс-шаралар төтенше жағдайлар кезінде жауапты қызметтердің дайындық деңгейін арттыруға ықпал етеді.