
Медицина қызметкерлері күніне орай Алматы қаласы ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Вилик Мерекеев өзінің жары — терапевт дәрігер Рукиям Умарованы кәсіби мерекесімен құттықтады.
Вилик төтенше жағдайлар саласында 9 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ал Рукиям медицина саласына 3 жылын арнаған. Сегіз жылдан бері бірге өмір жолын жалғап келе жатқан жұп бір-біріне әрдайым қолдау көрсетіп, таңдаған мамандықтарына адал қызмет етіп келеді. Бүгінде олар екі баланы тәрбиелеп, үшінші сәбилерін күтуде.
Мерекелі күні отағасы балаларымен бірге Рукиямды жұмыстан қарсы алып, өзіне екінші үйге айналған өрт сөндіру бөлімінде отбасы үшін шағын экскурсия ұйымдастырды.
Құтқарушылар мен медицина қызметкерлері бір кадрда жиі көрінбегенімен, көбіне бір оқиға орнында қатар жүреді. Мамандығы әртүрлі болғанымен, олардың ортақ мақсаты бір — адам өміріне араша түсіп, ең қажет сәтте көмек көрсету.