
Төтенше жағдайлар департаменті 16 сәуірдегі №14 дауылды ескерту негізінде келесіні хабарлайды:
17 сәуірде Алматы қаласында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік-батыс желі соғып, екпіні секундына 15–20 м дейін жетеді.
Іле Алатауының таулы аймақтарында, соның ішінде Медеу және Бостандық аудандарының таулы орындарда 17 сәуірде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ жауып, екпінді жел болуы мүмкін.
Жел оңтүстік-батыстан жел соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні секундына 17–22 м, түнде кей жерлерде 23–28 метрге дейін күшейеді.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты тауға баруды кейінге қалдыру ұсынылады.
📍 Қала тұрғындарына көліктерді ағаштардың астында қалдырмау ұсынылады!
📍 Сондай-ақ, желдің күшеюі кезінде:
ғимараттардан шығуды шектеу (мүмкіндігінше үй-жайда болу);
егер үйде болсаңыз, терезелер мен есіктерді мықтап жабыңыз.
Ауладан, ашық балкондар мен лоджиялардан үйіңізге зиян келтіруі мүмкін заттарды алып тастаңыз;
көшеде жүргенде жақын кіреберісте немесе дүкенде паналауға тырысыңыз;
билбордтардың, ағаштардың астында, құрылысы аяқталмаған ғимараттарда, сондай-ақ үйлердің қабырғалары маңын паналамаңыз, себебі шатырдан шифер және басқа да жабын материалдары құлауы мүмкін;
қатты жел кезінде электр беру желілерінің астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өмірге өте қауіпті.