
Алматыда Дүниежүзілік азаматтық қорғау күніне арналған конкурс қорытындыланды.
Бұл шара тұрғындардың қауіпсіздік пен төтенше жағдайлардан қорғану саласындағы білімін арттыруға және практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Конкурс нәтижесі бойынша жоғары дайындық деңгейі, шығармашылық көзқарасы және азаматтық қорғау мәселелеріне деген қызығушылығы үшін жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталды: «Үздік балабақша», «Үздік мектеп», «Үздік колледж» және «Үздік жоғары оқу орны».
Сонымен қатар, ерекше көңіл шығармашылық жұмыстарға аударылды, олар өз ерекшелігімен, мазмұндылығымен және азаматтық қорғау тақырыбын жоғары дәрежеде көрсетуімен ерекшеленді: «Үздік сурет», «Үздік бейнеролик» және «Үздік макет».
Жеңімпаздар кубоктармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.