Азаматтық қорғаныс айлығының қорытындысында химиялық апатты жою бойынша оқу-жаттығу өткізілді.

Азаматтық қорғаныс айлығының қорытындысында химиялық апатты жою бойынша оқу-жаттығу өткізілді.
 

Жетісу ауданындағы Carlsberg Kazakhstan ЖШС базасында, технологиялық үдерісте күшті әсер ететін улы зат қолданылатын кәсіпорында, аммиактың ағуына байланысты өндірістік апат шартты түрде жойылды.
Тактикалық-арнайы оқу-жаттығуға ТЖД, Апаттар медицинасы орталығы, азаматтық қорғау қызметтері және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-нің Десанттық-шабуылдау әскерлерінен 100-ден астам жеке құрам мен 30 бірлік техника қатысты.


Десанттық-шабуылдау әскерлерінің химиялық қорғаныс батальоны арнайы құралдардың көмегімен зақымданған аумаққа барлау жүргізіп, метеорологиялық жағдайды анықтады.

Өрт сөндіру бөлімшелері улы бұлттың таралуына жол бермеді, ал құтқарушылар пневматикалық жамау қолдану арқылы қауіпті нысанның технологиялық жабдықтарындағы улы заттың ағуын жойды.
Жақсы үйлестірілген өзара іс-қимыл жедел әрекет етуге мүмкіндік беріп, адам шығыны мен азаматтарға, сондай-ақ қоршаған ортаға келетін залалды барынша азайтады.