«Мамы спасателей: в Алматы поблагодарили женщин, воспитавших защитников

«Мамы спасателей: в Алматы поблагодарили женщин, воспитавших защитников

Ана — тұтас бір ғалам
Мереке қарсаңында Алматы қаласы ТЖД гарнизонында жүрекке жылы, әсерлі құттықтаулар легі жалғасуда. Бұл жолы ерекше құрмет пен алғыс гарнизон қызметкерлерінің ең қымбат жандары — аналарына арналды.
Гарнизон қызметкерлері гүлдер мен сыйлықтар алып, аналарды арнайы барып құттықтады. Бұл — нағыз қорғаушыларды тәрбиелеп өсірген жандарға деген алғыстың белгісі. Құттықталған ардақты аналардың әрқайсысы әр түрлі салада еңбек етеді: олардың арасында медицина қызметкерлері, ұстаздар, түрлі мамандық иелері және отбасының берекесін сақтап отырған үй шаруасындағы аналар бар. Бірақ оларды біріктіретін бір қасиет бар — олар Отанға адал қызмет ететін, төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғауға әрдайым дайын, сенімді де лайықты ұлдарды тәрбиелеп өсірген.
Дәл осы аналардың тәрбиесінің арқасында бүгінде гарнизон қатарында өрт сөндіруші-құтқарушылар, инженерлік-инспекторлық құрамның мамандары және басшылық лауазымдағы қызметкерлер ел қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек етуде. Олар күн сайын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты қорғау жолында қызмет атқарады.

Сондай-ақ Кадрлық және тәрбие жұмысы басқармасының қызметкері Қанқожаева Эльмира Төребекқызы да назардан тыс қалмады. Ол небәрі тоғыз ай бұрын ана атанып, өміріндегі ең маңызды әрі жауапты рөлді — ана болу бақытын сезініп отыр.
Осындай кездесулер мен құттықтаулар тағы бір ақиқатты еске салады: ана — жай ғана сөз емес. Ана — махаббатқа, қамқорлыққа және күш-қуатқа толы тұтас бір ғалам