Алматыда өрт сөндіруші-құтқарушылардан «құттықтау дәліз» құрылды

Алматыда өрт сөндіруші-құтқарушылардан «құттықтау дәліз» құрылды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ТЖД-де қызметкер әйелдерге ерекше мерекелік тосынсый ұйымдастырылды.

Ғимараттың кіреберісінен бастап әйелдерді жаңа жауынгерлік киім киген өрт сөндіруші-құтқарушылардан құралған символикалық «тірі дәліз» қарсы алды.
Қол шапалақтау мен жылы лебіздер — «Сен ең кереметсің», «Сен ең сұлусың», «Мерекеңмен!» деген құттықтаулардың сүйемелдеуімен қызметкер әйелдер әріптестерінің сапынан өтіп, олардың осылайша көрсеткен құрметі мен қызметке деген алғысын сезінді.
Мерекелік атмосфера ғимарат ішінде де жалғасын тапты: әйелдерді оркестр, тақырыптық баннермен безендірілген фотозона, сондай-ақ гүлдер мен әуе шарлары қарсы алды.
Жанды музыка, шынайы құттықтаулар мен әріптестердің ықыласы гарнизон қызметкер әйелдеріне көктем мерекесі қарсаңында жылы көңіл-күй сыйлап, жарқын әрі ұмытылмас әсер қалдырды.