Дауылды ескерту: 5 наурыз күні таулы аймақтарда қатты жел, тұман және көктайғақ болады.

Дауылды ескерту: 5 наурыз күні таулы аймақтарда қатты жел, тұман және көктайғақ болады.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар депмартаменті «Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 4 наурыздағы №04 дауылды ескертуіне сәйкес келесіні хабарлайды:


5 наурыз күні Алматы қаласында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15 метр болады.


5 наурызда Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында қатты қар жауып, оңтүстік-шығыстан соғатын қатты жел екпіні секундына 18–23 метрге дейін жетеді, күндіз кей уақытта 28 м/с дейін жетуі мүмкін!


Алматы қаласының ТЖД автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді көктайғақ кезінде ерекше мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.


Таулы аймақтарға бармауды сұрайды!