Алматы қаласы мен Қазселденқорғау және ТЖД ұсынады:
- Егер сіз таулы жерлерде салынған үйдің (объектінің) иесі болсаңыз
бұрын байқалмаған жерлерде жарықтар, өзгерістер, үй жәнінда топырақтың аса қатты ылғалдануы, бұрын байқалмаған судың ағуы үнемі визуалды тексеріп шығыңыз;
- су құбыры желілерінің, нөсер ағындарының арық желісінің жай-күйіне үнемі бақылау жүргізіп отырыңыз. Судың ағып кетуін анықтау үшін су желілері бойымен жүйелі түрде айналып өтіңіз.
- төтенше жағдайларда өз әрекеттеріңізді алдын ала ойластырыңыз;
- септиктер мен дәретханалардың шұңқырларының тығыздығын, судың ағып кетуін қадағалаңыз.
Топырақ Көшкіні қаупінің белгілері:
- үйдегі есіктер мен терезелер жабылмайды;
- үй қабырғалары мен іргетастарында жарықтар пайда болады;
- жер бетінде, тротуарларда, жолдарда жарықтар пайда болады және ол жарықтар кеңейеді;
Тау- беткейлердің түбінде жер көтеріліп, жер асты суларының жаңа көздері пайда болады, қоршаулар мен ағаштар жылжи бастайды;
- "мас орман" (ағаштар қисайып өскен кезде)
-таудың баурайында топырақ деңгейінің көтерілуі;
- құрылыстардың, автожолдардың деформациясы.
Көшкін белгілері анықталған кезде
- жағдай туралы тиісті басқару органдарына және ТЖМ бөлімшелеріне хабарлаңыз 112;
- қауіпті аймақтан шығып кетуге дейін барлық сақтық шараларын қолданыңыз.