
Демалыс күндері Оңтүстік мегаполисте пайдалыөтеді. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Азаматтық қорғау саласындағы ұлттық ғылыми зерттеулер, дайындық және оқыту орталығымен өзара іс-қимыл жасай отырып, «MEGA Alma-Ata» ірі сауда-ойын-сауық орталығында халықтың жер сілкінісі жағдайында іс-қимылға дайындығын арттыруға бағытталған оқыту іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты қала тұрғындары мен қонақтарына сейсмикалық қауіп туындаған кезде дұрыс әрекет ету алгоритмін түсіндіру, сондай-ақ қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайларда дүрбелеңді азайту болды.
Бағдарлама аясында мамандар:
жер сілкінісіне дейін, жер сілкінісі кезінде және одан кейінгі іс-қимыл тәртібі;
ғимараттардан қауіпсіз эвакуациялау ережелері;
«дабыл шабаданды» қалыптастыру бойынша ұсыныстар көрсетті.
Жер сілкінісінің мобильді тренажері келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды, бұл қатысушыларға қауіпсіз жағдайда әртүрлі қарқындылықтағы тербелістерді сезінуге және сейсмикалық дүмпулерде дұрыс мінез-құлықтың практикалық дағдыларын қолдануға мүмкіндік берді. Тренажерді пайдалану тыныштықты сақтаудың және белгіленген қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік берді.
Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар халықтың хабардарлық деңгейін арттыруда және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға дайындықты қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.