
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде Жаңа Конституция жобасы мен Ұлттық Құрылтайдың рөлі талқыланған отырыс өтті.
Жиынға ТЖД басшысының орынбасары Жусупов Д.М., Комьюнити-орталық, «SANA» Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы және қала волонтерлерінің өкілдері қатысты.
Конституциядағы негізгі өзгерістер: азаматтардың құқықтарын қорғаудың күшейтілуі, биліктің теңгерімі және заңның үстемдігі. Сондай-ақ рухани және мәдени даму, қауіпсіздік және жастарды тәрбиелеу мәселелеріне ерекше мән берілді.
Қатысушылар Жаңа Конституция мен Ұлттық Құрылтай әділ мемлекет пен қоғам сенімін нығайтуда маңызды қадам екенін атап өтті, ал әр азаматтың белсенділігі елдің дамуына үлес қосатынына назар аударылды.