Аға басшы құрам – 1 бірлік:
Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы (С-SVO-4) -1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білімі болуы тиіс. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарына қойылатын талаптар:
1) Өрт қауіпсіздігі; 2) Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі; 3) Төтенше жағдайларда қорғау; 4) Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық; 5) Ақпараттық жүйелер; 6) Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері; 7) Автоматтандыру және басқару; 8) Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; 9) Радиотехника, электроника және телекоммуникация; 10) Заңтану; 11) Құқық; 12) Құқық қорғау қызметі; 12) Есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалық қамтамасыз ету; 13) Информатика; 14) Математикалық және компьютерлік модельдеу; 15) Әскери іс және қауіпсіздік; 16) Сот сараптамасы; 17) Техносфералық қауіпсіздік; 18) Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою; 19) Техникалық, кәсіптік мамандықтар және орта білімнен кейінгі білім: 19.1) Техник; 19.2) Техник-бағдарламашы; 19.3) Ақпаратты қорғау жөніндегі техник.
Жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:
1) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
3) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары тұрған басшы лауазымдарға орналасу үшін кадр резервіне алынған қызметкерлер қатарынан және «азаматтық қорғау» арнаулы атағы берілетін азақаматтық қорғау органы қызметкерлері қатарынан тағайындалады
Лауазымдық жалақы еңбек өтілі 1 (бір) жылға дейінгі қызметкер үшін (бастапқы) – 257515 теңгені, 20 (жиырма) жылдан асқан қызметкерлер үшін – 316711 теңгені құрайды.
Кандидат Қазақстан Республикасының Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес мынадай құжаттарды қолма қол береді немесе жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша жібереді:
«Азаматтық қорғау органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесін және Азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 367 бұйрығына сәйкес конкурсқа қатысу үшін хабарлама жарияланған күнінен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей кандидат конкурс жариялаған АҚО-ның кадр қызметіне қосымшаға сәйкес өтініш береді. Өтінішке:
1) жұмыстағы негізгі көрсеткіштер мен шынайы жетістіктерді айқындайтын қызметтік жұмыстың нәтижелерімен бірге қызметтік мінездеме (еркін нысанда);
2) басшы құрам қатарынан қызметкерлердің ұсынымдары (еркін нысанда);
3) АҚО кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын өткізетін қызмет растаған қызметкердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығының деңгейін жыл сайын қорытынды тексеру анықтамасы (еркін нысанда);
4) АҚО кадр қызметі басшысымен куәландырылған кадр резервіне қою туралы бұйрықтан үзінді (бар болған жағдайда) қоса беріледі
Құжаттар хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс:
Алматы қ. Байзақов к-сі, 300, Қазақстан Республикасы ТЖМ Алматы қаласы ТЖД Кадр және тәрбие жұмыстары басқармасына №105 кабинет, анықтама телефоны: 8(727) 274-25-13, e-mail: ok_dchs_alm@emer.kz.
Осы Қағидаларда көрсетілген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған және/немесе осы Қағидада көрсетілген мерзімдерді бұзумен ұсынылған жағдайда кандидат конкурсқа қатысуға жіберілмейді және конкурстық комиссияның кандидатты қараудан бас тартуы және конкурстың келесі кезеңдеріне жібермеуі үшін негіз болып табылады.