Жаңа оқу жылы: волонтерлер жауапты миссиямен!

Жаңа оқу жылы:  волонтерлер жауапты миссиямен!

 

Алматы қаласының ТЖД Халықты оқыту және даярлау орталығында жаңа оқу жылы басталды.

Оқу курсындағы алғашқы тыңдаушылар – волонтерлік ұйымдардың басшылары мен үйлестірушілері болды.

Бағдарлама табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда әрекет етуге волонтерлерді даярлауға бағытталған.

Арнайы назар іздеу жұмыстары, алғашқы медициналық көмек көрсету және зардап шеккендерге эмоционалдық қолдау көрсету мәселелеріне аударылды.

Білімді бекіту мақсатында өмір қауіпсіздігі туралы оқыту видеоролигі көрсетіліп, ескертпелер таратылды.