Біз зираттың айтарлықтай аумағын өрттен қорғадық

Біз зираттың айтарлықтай аумағын өрттен қорғадық

22 қазан күні 15 сағат 53 минутта  өрт сөндіру есептері Наурызбай ауданының Қарғалы ықшам ауданы Кенесары хан көшесі 5 үй мекенжайында  Техникалық қызмет көрсету орталығынан өрт шыққаны  туралы хабарламаға шақыртудың жоғары деңгейімен жіберілді.  Өрт сөндірушілер келгенде екі қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры жанып жатқанын анықтады. Бірінші қабатта Техникалық қызмет көрсету орталығы орналасқан, бокста 9 авто көлік  қойылған. Өрттің сырлау цехына таралуын болдырмау үшін,  4 авто көлік эвакуацияланды. Қабылданған шаралар бойынша қызыл жалын өрт сөндірушілер келген сәттен бастап 15 минут ішінде ауыздықталып, 16 сағат 17 минутта толықтай жойылды. Ғимаратқа өрттің таралуына жол берілмеді,  көліктерге өрттен  зақым келген жоқ.
Шатырлы үй-жайларда өрттiң алдын алу үшін электр сымдарын қалыпты күйге келтіріңіз, олардың жарамдылығын бақылап, электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз.